
25-26 қараша айында Щучинск қаласында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ҚР Кубогі өтеді. Жарыс нәтижесі бойынша қысқы жасөспірімдер олимпиадасына қатысушылар анықталады.
Биатлоннан ҚР Кубогінде Абай, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері өнер көрсетеді. ҚР Кубогі аясында биатлоншылар спринт бойынша сынға түседі.