АҚТАУДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНГІ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АҚТАУДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНГІ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Ақтау қаласында қазақ күресінен ересектер арасында кезекті ел чемпионатының бірінші жарыс күні мәресіне жетті. Аталмыш біріншілікте 17 өңір және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген 500-ге жуық спортшы бақ сынауда.

Бірінші күні спортшылар 90, 100, +100 (ерлер), 70, 77, +77 (әйелдер) келі салмақ дәрежесінде белдесті. Нәтижесінде алғашқы күннің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

Ерлер.
90 келі.

Алтын медаль

Айдос Ғалымов (Ұлытау облысы)

Күміс медаль

Айдар Бескемпір (Жамбыл облысы)

Қола медаль

Әсет Ахметжанов (Абай облысы)
 Еңбек Сақтағанов (Қызылорда облысы)

100 келі.

Алтын медаль

Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы)

Күміс медаль

Марат Байқамұров (Шымкент қаласы)

Қола медаль

Алтынбек Аусағитов (СҚО)
 Абылайхан Бейсен (Шымкент қаласы)

+100 келі.
Алтын медаль

Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы)

Күміс медаль

Қайсар Шамшидинов (Түркістан облысы)

Қола медаль

Мұхтар Дәлелханұлы Павлодар облысы)
Бибарыс Әбдіғани (Түркістан облысы)

Әйелдер.
70 келі.
Алтын медаль

Роза Нысантайқызы (Абай облысы)

Күміс медаль

Аяулым Балапанова (Жамбыл облысы)

Қола медаль

Ақбота Қыдырәлі (Түркістан облысы)
Нұрдана Қабибұлаева (Қарағанды облысы)

77 келі.

Алтын медаль

Ұлболсын Абилова (Түркістан облысы)

Күміс медаль

Шұғыла Мақсатқызы (Алматы облысы)

Қола медаль

Аружан Жандарбай (Атырау облысы)

+77 келі

Алтын медаль

Албина Бахиева (Шымкент қаласы)

Күміс медаль

Нұрила Асанқызы (Түркістан облысы)

Қола медаль

Замзагүл Файзолланова (Шымкент қаласы)
Эльмира Самиғоллаева (Атырау облысы)

Айта кетсек, чемпионаттың қорытындысы бойынша 2024 жылға қазақ күресінен ұлттық құрама жасақталады.

«Халық Арена» спорт кешеніндегі біріншілік 17 қарашаға дейін жалғасады.