
Бүгін дзюдодан Қазақстан чемпионатында ерлі зайыпты Ислам Тоқтасын мен Камила Берліқаш тұғыр биігіне көтерілді.
Ислам 73 кг дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алса (Алматы облысы), Камила аса ауыр салмақта (+78 кг) қарсылас шақ келтірген жоқ (Жетісу облысы).
Қос дзюдошы да осыған дейін Үлкен дулыға және Азия Кубогы сынды халықаралық жарыстарда жүлдеге ие болған.