
Дубай қаласында (БАӘ) ересектер арасында пенчак силаттан VII Азия чемпионаты мен Таяу Шығыстың I ашық чемпионаты аяқталды.
Кіл мықтылар жиналған сайыста 17 елден 400-ден астам қатысушы болды.
Азия чемпионатында еліміздің намысын 19 спортшы қорғады. Нәтижесінде, олар 1 алтын, 3 күміс, 7 қола жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ Таяу Шығыстың I ашық чемпионатында 25 отандасымыз өнер көрсетіп, барлығы 27 медаль (8 алтын, 10 күміс, 9 қола) жеңіп алды.