
Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел біріншлігі 12-15 қараша күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы (ерлер 320, әйелдер 144) қатысады.
Жарыс кестесінің алғашқы күні жекпе жек сарайында мандаттық комиссия шеңберінде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Е. Мырзабосынов өңірлердің аға жаттықтырушылары, федерация өкілдерімен, төрешілермен кездесу өткізді. Аталған кездесуде спорт саласына қатысты өзекті мәселелер көтерілді.
Бағдарлама
11 қараша - командалардың келу күні. Мандаттық комиссия.
12 қараша- жарыстың бірінші күні.
48 кг, 52 кг. (әйелдер)
60 кг, 66 кг. (ерлер)
13 қараша- екінші күні.
57 кг, 63 кг, 70 кг. (әйелдер)
73 кг, 81 кг, (ерлер)
Ашылу салтанаты 16:30
14 қараша - үшінші күн
78 кг, +78 кг.
90 кг, 100 кг, +100 кг
15 қараша - төртінші күн
Командалық жарыс