МАРГАРИТА БАЖАЕВА — КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

МАРГАРИТА БАЖАЕВА — КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

Самбодан Ереванда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында 50 келі салмақта белдескен Маргарита Бажаева күміс медальға ие болды.

Ол шешуші бәсекеде өзбек қызы Гулсевар Ураковаға есе жіберді.

Маргарита былтыр да әлем біріншілігіне қатысып, 5-орынға тұрақтаған еді.

Әлем чемпионатының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында әзірше 1 күміс және 1 қола жүлде бар.