
Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта V Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының кезекті жарыс күні аяқталды.
Бүгін армрестлингтен алғашқы жүлде сарапқа салынды. Солақайлар арасындағы бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары 12 медаль (5 алтын, 1 күміс, 6 қола) жеңіп алды.
Алтын медаль иегерлері
Ердәулет Сарыбай (70 кг)
Нұрдәулет Айдархан (80 кг)
Талғат Ақтаев (100 кг)
Медет Құттымұратов (+110 кг)
Айгерім Қараманова (65 кг)
Күміс медаль иегерлері
Антонина Лисянская (+80 кг)
Қола медаль иегерлері
Айтбек Бекет (110 кг)
Нышанәлы Сәнім (+90 кг)
Сандуғаш Сейдіш (55 кг)
Жұлдыз Күнтуғанова (80 кг)
Раушан Джаналиева (+80 кг)
Никита Ермаков (пара армрестлинг)
Жалпы қол күресінен ел намысын қорғау үшін Сауд Арабиясына 17 спортшы келді. Ертең олар оң қолмен күш сынасады.
Қазақстан делегациясы бүгінгі толағай табыстың арқасында жалпы есепте 2-орынға көтерілді. Қоржында 10 алтын, 11 күміс, 20 қола жүлде бар. Көш басында 18 алтыны бар Украина келе жатыр. Үздік үштікті 9 алтынмен Сауд Арабиясы түйіндеп тұр.