Самбодан əлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздіктер қатарына енді

Самбодан əлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздіктер қатарына енді

Қырғызстан астанасы Бішкекте жастар арасында самбодан əлем чемпионаты мəресіне жетті.

Үш күнге созылған бəсекеде 28 елдің балуандары жауынгерлік және спорттық самбодан 37 салмақтың үздіктерін анықтады.

Қазақстан құрамасы 4 алтын, 6 күміс жəне 12 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте 2-орын алды. Мұнда халықаралық самбо федерациясының командасы (Ресей самбошылары) топ жарса, үздік үштікті Өзбекстан спортшылары түйіндеді.