
Ақтауда өтіп жатқан дзюдодан ерлер мен әйелдер дзюдодан Азия кубогінің алғашқы жарыс күні ерлер арасында 60 келі салмақта қазақстандықтар жеңіс тұғырына көтерілді.
Кіл мықтыларды жеңген жас палуан Алдияр Қарғұлов чемпион атанса, күміс жүлде Бауыржан Нарбаев еншісінде. Мерей Мархамбетов пен Бауыржан Жауынтаевтар жеңімпаздар қатарында.
66 келіде финалда өзбекстандық жастар арасында Әлем чемпионатының жүлдегерін ұтқан, Алмас Ғалымов алтыннан алқа тағынды. Сол секілді 73 келіде шешуші белдесуде әзербайжандық қарсыласын жеңген Ислам Тоқтасын жеңіс тұғырның ең биік сатысына көтерілді. Ал арулардан төрт салмақ дәрежеснің бірде біреуінде қазақ қыздарына алтын бұйырмады. Бас жүлденің барлығын Қытай спортшылары еншіледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұл сында жеңімпазға -100, күміске-70 және қола жүлдеге 50 олимпиадалық ұпай беріледі.