
21-24 тамыз аралығында Варшавада (Польша) ерлер мен әйелдер арасында грэпплингтен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 31 елден 800-ден астам спортшы қатысты. Ел тарихында тұңғыш рет біздің ерлер құрамасы АҚШ, Польша, Украина және Франция командаларын артта қалдырып, grappling gi бөлімінде сенсациялық түрде бірінші орынды иеленсе, ал grappling бөлімінде ерлер командасы тек АҚШ құрамасын алға жіберіп, екінші орынды иеленді. Ел құрамасының сапында өнер көрсеткен Адлан Мадаев мен Самат Айтпанбет алтын жүлдеге ие болса, ал Нұрбек Талбудин , Жиентаев Талғат және Бекзат Қапашовтар екінші орынға табан тіреді.
Әйелдер құрамасы да жоғары нәтижелермен ерекшеленді, граплинг ги бөлімінде қазақстандық спортшылар Шынар Өзбекова, Ботакөз Елдосқызы және Жанна Каскинованың қола медальдарының арқасында екінші орын алды.
ҚР Ұлттық құрамасы екі алтын, үш күміс және он қола, барлығы 15 медаль жеңіп алды.
ҚР жастар құрамасы әлем чемпионатында бірінші орынға ие болды.
Грэпплингтен Қазақстанның жастар құрамасы Варшавада өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында қырық сегіз медаль жеңіп алып, ел мерейін үстем өтті.
Қазақстандық палуандар грэпплинг бөлімінде және грэпплинг ги бөлімінде бірінші орынды иеленді және үшінші жыл қатарынан әлемдік рейтингтің бірінші қатарында 2021 жылғы Уфада (Ресей) және 2022 жылғы Понтеведрада (Испания) әлем чемпионатыдағы жеңісті қайталап отыр.
ҚР Грэпплинг Қауымдастығының президенті Қанат Алин қатысушыларды халықаралық аренада ойдағыдай өнер көрсетуімен құттықтап, қазақстандық жастар 24 алтын, 13 күміс және 11 қола медаль жеңіп алғанын атап өтті.