
Беларустің Минск қаласында өткен ТМД елдерінің II ойындарының қазіргі бессайыстан Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль иеленді.
Спортшылар семсерлесу, жүзу, жүгіру және нысана көздеуден бақ сынап, жалпы есепте 3405 ұпай нәтижесімен, Ресей және Беларусь құрамасынан кейін 3-орынды иеленді.
Команда құрамы:
Данил Богданов
Лев Чувашев
Никита Живитса