Қазақстандық еркін күрес шеберлері ТМД елдерінің II ойындарында төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық еркін күрес шеберлері ТМД елдерінің II ойындарында төрт медаль жеңіп алды

Белоруссияның Солигорск қаласында өтіп жатқан ТМД елдерінің II ойындарының еркін күрестен бәсекесінде Қазақстан ерлер құрамасы үш күміс және бір қола медаль иеленді.

Күміс медаль

Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг)
Арсен Умиржанов (79 кг)
Мақсат Сатыбалды (86 кг)

Қола медаль
Омархан Надиров (125 кг)

Айта кетейік, еркін күрестен жарыс жолын 13 тамыз күні қыздар құрамы жалғастырады.