Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы командалық 3-орын иеленді

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы командалық 3-орын иеленді

ТМД елдерінің II ойындарында көркем гимнастшылар ел астанасы Минск қаласының «Көркем гимнастика сарайында» өнер көрсетті.

Қазақстан атынан топтық жарыста - 6 спортшы, жекелей жарыста - 2 спортшы өнер көрсетті. Жекелей және топтық ұпайлардың нәтижесі бойынша 1-орын – Ресей, 2-орын – Беларусь және 3-орын – Қазақстан құрамасы иеленді.

Қазақстан құрамасы:
Милана Парфилова
Эрика Жайлауова
Мендыбаева Диана
Чепульская Кристина
Джунусбаева Жасмин
Хакимжанова Аида
Мырзабай Мадина
Нурмагамбетова Айзере.