
ІІ-ші Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ойындары Беларусьте 4-14 тамыз аралығында өтеді.
⠀
ІІ ойындардың басты оқиғасы Беларусьтің әртүрлі облыстарының 11 қаласында жарыстар өткізу болмақ. Жаңа форматтың мақсаты – турнирдің географиясын кеңейтіп, аймақтардағы спортты жоғары деңгейге шығару. Атап айтқанда, Минск, Борисов, Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Могилев, Молодечно, Орша және Солигорск қалалары.
⠀
Қазақстан атынан 14 спорт түрінен 150 спортшы қатысады (еркін күрес, әйелдер күресі, баскетбол, грек-рим күресі, дзюдо, жағажай волейболы, жеңіл атлетика, жүзу, каратэ WKF, көгалдағы хоккей, көркем гимнастика, қазіргі бессайыс, нысана көздеу, самбо).
⠀
5 тамызда ойындардың ашылу салтанаты өтеді, ал 4 тамызда қазақстандықтар көркем гимнастикадан алғашқы жарыстарда өнер көрсетеді.
⠀
Жарыс 15 тамызға дейін жалғасады, онда 20-дан астам елден екі мыңнан астам спортшы жүлделерді сарапқа салады.
⠀
Ойындардың тұмарына Рыся есімді белорус сілеусіні айналды. Бекітілген ұран «Сильный характер - яркая игра!» спартакиаданың негізгі мақсатын ықшам және қысқаша жеткізеді. Логотиптің символы Беларуське тән бірқатар элементтерді бейнелейді - жарқын жүгері гүліне айналатын сәндік сегіз бұрышты жұлдыз.
⠀
Жарыстың салтанатты ашылу және жабылу рәсімдері ел астанасындағы «Минск-Аренада» өтеді.