
Қазақстан құрамасы 29-30 шілде күндері Германия астанасы Берлинде жастар арасындағы Еуропа кубогіне қатысты. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде ел құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде бірінші орынға тұрақтады.
Айта кетерлігі, Еуропа кубогіне барлығы 29 елден 300-ге жуық жас татами шеберлері қатысты.
Алтын медаль
Аман Бақытжан (60 кг)
Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг)
Максим Мейірлан (81 кг)
Күміс медаль
Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг)
Аружан Ережепова (52 кг)
Жалғас Хайрулла (81 кг)
Құдірет Досымов (90 кг)
Карина Такиева (+78 кг)
Қола медаль
Жанарыс Рахметқали (66 кг)
Нұржан Бисенов (81 кг)