Шымкент қаласында стенд атудан Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы басталды

Шымкент қаласында стенд атудан Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы басталды

Шымкент қаласында Shymkent Shooting Plaza кешенінде стенд атудан Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы басталды. Шілденің 30-ына дейін созылатын бәсекеге еліміздің 6 өңірінен (Астана, Алматы, Шымкент қаласы, Алматы, Қызылорда және Павлодар облысынан) 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Олар 8 жаттығу бойынша бақ сынайды:
- жекелей сында 4 жаттығу (дөңгелек стенд, траншеялы стенд, спортинг және дубль-трап);
- команадалық 2 жаттығу (траншеялы стенд, дөңгелек стенд);
- аралас сында 2 аралас жаттығу (скит/микст, трап/микст).

Стенд атудан Спартакиада биылғы Қазақстан чемпионатының орнын басады. Апта аяғына дейін барлығы 24 медаль жиынтығы сарапқа салынады.