Астанада алғаш рет арбадағы теннистен ел біріншілігі өтеді

Астанада алғаш рет арбадағы теннистен ел біріншілігі өтеді

Атауы: Арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты

Өтетін күні: 27.07.2023 ж. сағат 10.00-де

Өтетін жері: Астана қ., «Дәулет» теннис орталығы, Қордай 6

Астанада тұңғыш рет арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің 7 өңірінен 40 жуық спортшы қатысады. Жарыстың мақсаты - арбадағы теннис спорт түрін елімізде дамыту, қатысушылар арасында үздік спортшыларды аңықтап, ұлттық құрама сапына іріктеу.

Айта кетсек, арбадағы теннис елімізде енді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі. Бұл спорт түрінен алғаш рет Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында 2022 жылы өтті. Чемпионатқа  6 өңірден 20 спортшы қатысқан. 

Қосымша ақпарат алу үшін : 87071455734 баспасөз хатшысы Құралай Әшімханова