Қазақстан палуандары Будапештте тағы үш жүлде иеленді

Қазақстан палуандары Будапештте тағы үш жүлде иеленді

Мажарстан Республикасының астанасы Будапешт қаласында күрес түрлерінен IV рейтингтік турнир өтіп жатыр. Мұнда қазақстандық палуандар сәтті өнер көрсетуде.

Жарыстың кезекті күні бозкілемге әйелдер мен грек-рим күресінің шеберлері шықты.

Грек-рим күресінің алғашқы жарыс күні бозкілемге шыққан 55 келі салмақтағы Аманғали Бекболатов алтын медаль иеленді.

Тағы бір отандасымыз 70 келі салмақта Мамурбек Мұхаммедәлі қола жүлде еншіледі.

Сондай-ақ әйелдер күресінде бақ сынаған Жәмила Бақбергенова (72 келі) турнир жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, аталмыш дода 17 шілдеге дейін жалғасады.