Астанада белбеу күресінен әлем чемпионаты басталды

Астанада белбеу күресінен әлем чемпионаты басталды

Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Екі күнге созылатын дүбірлі додаға 30 мемлекеттен 250 балуан қатысуда. Қазақстан намысын 26 спортшы қорғайды.

Бүгін чемпионатта ерлер арасында 57, 62, 68, 75, 82, 90, 100, +100 келі салмақта күш сынасты. Ал әйелдер 52, 58, 66, 76, +76 келіде мықтыны анықтады.

Айта кетейік, бұл жарыс елімізде төртінші рет өткізіліп отыр. Осыған дейін Астана 2007, 2012, 2017 жылы белбеу күресінен ересектер арасында әлем чемпионатын қабылдаған болатын.

Қазақстандық спортшылардың алғашқы күнгі нәтижесі келесідей:

Ерлер

57 кг
2 - орын - Жандос Әбубәкіров
62 кг
3 - орын - Төремұрат Әскербекұлы
68 кг
3 - орын - Саян Құрманғалиев
75 кг
2 - орын - Төребек Молдаш
3 - орын - Саян Қайырғалиев
82 кг
3 - орын - Алдияр Айтмұхамбет
90 кг
3 - орын - Айберген Алдаберген

Әйелдер

52 кг
3 - орын - Назерке Әбілтаева
3 - орын - Ботагөз Дюсембаева
58 кг
3 - орын - Рауза Нұрмахамметова
66 кг
3 - орын - Асылжан Орынбасарова
76 кг
3 - орын - Перизат Жақыпбекова
+76 кг
1 - орын - Арайлым Оразбай.