Ертең су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталады

Ертең су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталады

14-30 шілде аралығында Фукуока қаласында (Жапония) су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. 17 күн ішінде су спортының 6 түрінен 75 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы жүзу, су добы, артистік жүзу және ашық суда жүзу жарыстарына қатысады.

Әлем чемпионатында жүзуден ел намысын ұлттық құраманың төрт мүшесі: Әділбек Мусин (50, 100 метр баттерфляй, 100 метр еркін стиль), Тасжанова Диана (800, 1500 метр еркін стиль), Аделаида Пчелинцева (50, 100 метр брасс) және Ксения Игнатова (50, 100, 200 метр шалқалай жүзу) қорғайды. Жарыс 23-30 шілде аралығында өтеді.

Артистік жүзу бәсекесі 14-22 шілде аралығында өтеді. Бұл сында Қазақстан атынан 14 спортшы қатысады.

Ал су добы сайысы 16-28 шілде аралығына жоспарланған. Қатысушы елдердің арасында Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары да бар.

Ашық суда жүзу бәсекесінде ел намысын 5 отандасымыз қорғайды. Олар: Ғалымжан Балабек, Лев Черепанов, Даниил Андросов, Мария Федотова, Диана Тасжанова. Жарыс 15-20 шілде аралығында өтеді.