СПОРТТЫҚ ҚҰЗҒА ӨРМЕЛЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ: РИШАТ ХАЙБУЛЛИН КҮМІС ЕНШІЛЕДІ

СПОРТТЫҚ ҚҰЗҒА ӨРМЕЛЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ: РИШАТ ХАЙБУЛЛИН КҮМІС ЕНШІЛЕДІ

Шамони қаласында (Франция) спорттық құзға өрмелеуден өтіп жатқан Әлем Кубогында қазақстандық Ришат Хайбуллин күміс жүлдегер атанды.

«Жылдамдық» санатында 15 метр биіктікті Ришат 5,05 секундта бағындырып, өз рекордын жаңартты. Алтын және қола жүлдені Индонезия өкілдері иеленді.

Айта кетейік, жарысқа 30 елден 129 спортшы қатысты. Оның ішінде ерлер - 77, әйелдер - 52.