
Оңтүстік Кореяның Седжон қаласында өткен триатлоннан Азия кубогында қазақстандық Аян Бейсенбаев үздік үштікке енді.
Отандасымыз Elite категориясы бойынша берілген қашықтықты 52 минут, 54 секундта бағындырып, көшбасшыдан 20 секундқа ұтылды. Алтын және күміс жүлдені жапондықтар Аоба Ясуматсу мен Сато Рен иеленді.
Айта кетейік, жарысқа 11 мемлекеттен 85 триатлет қатысты. Оның ішінде ерлер - 52, әйелдер - 33.