ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА АУДАРЫСПАҚТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК ӨНЕР КӨРСЕТТІ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА АУДАРЫСПАҚТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының Қазан қаласында аударыспақтан (ат үстіндегі күрес) Әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Аталған әлем біріншілігіне Ресей Федерациясынан екі құрама, Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан елдері мен Татарстан, Ноғай, Дағыстан, Башқұртстан командалары қатысты.

Ат үстіндегі күрес өнерін спорт ретінде дамытып жатқан елдерден келген 100-ге жуық спортшылардың арасынан Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс олжалады.

Аударыспақтан 6 салмақ дәрежесі бойынша ел намысын Сырым Ізбасаров, Арман Сағымбаев, Рамазан Ғалелов, Нұржігіт Әмзеев, Шыңғысхан Ержанов, Ермек Құралбай сынды палуандар қорғады.

Ұлттық құрама Әлем чемпионаты алдында Ақтөбе қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын.

Аталған Әлем чемпионатының бір ерекшелігі спортшылар ат үстінде жайдақ күресті.

Ел намысын абыроймен қорғаған ұлттық құрама мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз!