Боччадан Қазақстан чемпионатының қорытындысы шығарылды

Боччадан Қазақстан чемпионатының қорытындысы шығарылды

Бүгін Боччадан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Чемпионатта ВС1, ВС2, ВС3, ВС4 санаттары бойынша 12 облыстан келген 47 боччашы арасында 4 медаль жиынтығы ойналды. Марапаттау рәсіміне Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысты.

Боччадан Қазақстан Республикасының чемпионаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Туризм және спорт саласын қолдау қоры» ҚҚ мен «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен өтті .

Әйелдер арасында ВС1 санатында бірінші орынды алматылық Алина Карамышева, екінші орынды Жаңаөзен қаласынан Амангелді Айдана, үшінші орынды Қарағанды қаласынан Анастасия Қутурман жеңіп алды.

Ерлер арасында ВС1 санатында Астаналық Оразбек Мейірбек , екінші орынды - Павлодар қаласынан Виктор Кожевников , үшінші орынды - Жамбыл облысынан Андрей Тошнади иеленді .

ВС2 санаты бойынша әйелдер арасында бірінші орынды астаналық Шыңғысханова Итиана, екінші орынды – ақтөбелік Асанғали Альмира, үшінші орынды – павлодарлық Нұрғазина Даяна жеңіп алды.

Дәл осы санатта ерлер арасында бірінші орынды Талдықорған қаласынан Асқарбеков Қуаныш, екінші орынды - Павлодар қаласынан Құрмантаев Александр, үшінші орынды - павлодарлық Готфрид Андрей иеленді .

Әйелдер арасында ВС3 санатында бірінші орынды Қарағанды ​​қаласынан келген Жеңіс Аружан, екінші орынды Атырау қаласынан Кенжебек Жанерке жеңіп алды.

ВС3 санатында ерлер арасында бірінші орынды Астана қаласынан Алтынсары Темірлан , екінші орынды Астана қаласынан Шманов Нұралы , үшінші орынды шымкенттік Бармешов Ильяс иеленді .

ВС4 санатында бірінші орынды Габидуллина Зульфия жеңіп алды.

ВС4 санатында ерлер арасында бірінші орынды Ақсу қаласынан Амиров Асыл, екінші орынды Алматы қаласынан Аязбаев Азамат, үшінші орынды Семей қаласынан Баймұратов Кенжекан иеленді.

Қазақстан Республикасы чемпионатының қорытындысы бойынша үздік спортшылар боччадан Қазақстанның ұлттық құрамасына алынады.

Алдағы негізгі жоспар – ұлттық құрамамен халықаралық жарыстарда бақ сынап, Паралимпиада ойындарына іріктелу.