Жастар арасында белбеу күресінен Әлем чемпионаты басталды

Жастар арасында белбеу күресінен Әлем чемпионаты басталды

Бүгін Астанада «Аспан» спорт кешенінде жастар арасында белбеу күресінен Әлем чемпионатының ресми ашылуы өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, республикалық Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев, Халықаралық белбеу күресі федерациясының (IBWA) президенті Рафик Валиев, Спортты дамыту дирекциясы олимпиадалық емес спорт түрлері басқармасының жетекшісі Ғазиз Серікбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, 15 қазанға дейін 2002-2004 жылы туған 16 елдің 200-ге жуық спортшысы өзара кім мықтыны анықтайды. Атап айтсақ, чемпионатқа мына елдер спортшы жіберді: Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия, Румыния, Молдавия, Әзірбайжан, Қытай, Пәкістан, Үндістан, Литва, Латвия, Польша, Түрікменстан, Қырғыз Республикасы.
Қазақстан Ұлттық құрамасы қатарында 28 спортшы (16 ұл, 12 қыз) сынға түсіп жатыр.

Бәсекенің бас төрешісі – Максуджан Ашуров (Тәжікстан). Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 14 қазан, сағат 15:00-де өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Астана 2012-2017 жылы белбеу күресінен ересектер арасында Әлем чемпионатын қабылдаған. Сондай-ақ 2006 жылы Алматы елімізде алғаш болып аталған бәсекені өткізген.