
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы "Сарыарқа" велотрегінде мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өтті. Жарыс ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылды.
Турнирге ҚР Парламенті Сенатының, ҚР Парламенті Мәжілісінің, ҚР премьер министрінің кеңсесі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлерінен құралған командалар қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев, Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нариман Төреғалиев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Жарысты салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ашып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Вице-премьер Ерұлан Жамаубаев пен мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Жазықбаев командалармен бірге жарысқа қатысып, бақ сынады.
Турнир мемлекеттік рәміздермен бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ, елдің тұрақты даму саясатын іске асыру және қоғамның өзекті мәселелерін шешу кезінде биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтары арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Жарыс қорытындысы бойынша 4 орын Парламент мәжілісі, 3 орын Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, 2 орын Үкімет командасы иеленсе, 1 орынды Парламент сенаты жеңіп алды.