
Буэнос-Айрес – Буэнос Айресте өтіп жатқан Жасөспірімдер Олимпиадасының соңғы күндерінің бірінде біздің құрама 2 алтын, бір күміс, бір қола медальді еншіледі. А.Оралбай 91 кг салмақта алжирлік Мохаммед Амин Хаседпен күш сынасты. Айбек үш раунд бойы қарсыласын тықсырып, үздік өнер көрсетті. Бес төрешінің барлығы 30:27 есебімен жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді. Бұдан бұрын финалда ресейлік Алексей Дроновқа есе жіберген қазақстандық боксшы Дамир Тойбай (+91 кг) күміс жүлдегер атанған. Надежда Рябец те ел үмітін ақтап, алжирліктен бір бәс жоғары тұрды. Бес төреші түгелдей жеңісті біздің спортшының есебіне жазды. Буэнос-Айрес астанасы Аргентинада ІІІ Жазғы жасөспірімдер олимпиадасы 6-18 қазан аралығында өтеді. Оған 206 мемлекеттен 4 мың спортшы қатысуда. Жарыстар бағдарламасына спорттың дәстүрлі 28 түрінен бөлек, спорттық билер (брейк-данс), каратэ, тауға өрмелеу, роликпен сырғанау қосылып отыр.