
Алматы – 1 қараша сағ 10.00 -14.00 дейін «Алматы Тауэрс» БО, (Байзақов к, 280), «SmArt Point” (Смарт Поинт) коворкинг орталығы, «Амфитеатр» залы, 2 қабат, кіру Байзақов көшесі жағынан) спорттағы допинг тақырыбына арналған семинар өтті. Сонымен қатар, шара барысында төмендегідей тақырыптар талқыланды:
Бағдарлама:
Допингті анықтау және оның спорттағы орны; допингке қарсы ережелер бұзылуының түрлері, спорттық қауымдастық арасында допингке қарсы шараларды жүргізудің әдістері; статистика; допингті қолдануға тиым салуда қосымша персонлардың рөлі мен орны; допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған жаңа заң жобасы, допингке қарсы іс-шараларда БАҚ маңызды рөлі.