
Астана- 28 қараша күні Астанада «Шахмат-менің қалауым» атты республикалық блиц-турнирі басталды. Сайысқа еліміздің әр өңірінен 20 команда қатысып жатыр. Жарысқа әлем чемпионы Динара Садуақасова және басқа да жетекші спортшылар қатысады. Блиц-турнир Халықаралық ФИДЕ шахматының ережелерімен швейцариялық жүйе бойынша өткізіледі. Жарысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Жарасбаев ресми түрде ашты.