Астана — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Маратұлы Жарасбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — 16 желтоқсан қарсаңында «Дене шынықтыру және спортты дамытуға еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Құрметті спорт қызметкері» атағымен спорт саласында республика бойынша және өңірлерде қызмет етіп жүрген азаматтарды марапаттады. Сонымен қатар, Спорт Комитетінің бірқатар қызметкерлеріне арнайы Комитет төрағасының арнайы грамотасы табысталды.