Қазақстан мен Моңғолияның спорттағы серіктестігі

Қазақстан мен Моңғолияның спорттағы серіктестігі

Астана — 4 наурыз ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі ғимаратында Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев Моңғолия Үкіметі Атқарушы агенттігінің төрағасы —  Цэрэнжанхар Шаравжамцеммен кездесті.

Кездесу барысында дене шынықтыру және спорт саласында тараптардың ынтымақтастығы жөнінде меморандум бойынша әңгіме өрбіді. Кездесу соңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Моңғолия Үкіметі атқарушы Комитеті арасында ниеттер туралы хаттамаға қол қойылды.