Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайынғы байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайынғы байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Астана – 6 наурыз, сағ 15.00де, Мәңгілік ел даңғылы, 15 Мәдениет және спорт министрлігінің ғимаратында жыл сайын өтетін С.Бердіқұлов атындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Биыл байқауға оннан астам журналистер 60 жуық материал келіп түсті. Үздіктерді анықтаған белгілі ардагер журналистер Амангелді Сейітхан, Дүрәлі Дүйсебай, Қыдырбек Рысбек, Нұрғазы Сасаев. Үздік үштік жұмыс бір телевизиялық, екі жазба материалға берілді.

«Үздік телевизиялық жұмыс» номинациясы бойынша Қазспорт арнасының тілшісі Ермек Төрениязов марапатталды.

«Үздік жазба материалы» номинациясы бойынша «Қазақ спорты» газетінің тілшісі Мадина Асылбек және дәл осы номинацияда «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Нұрбай Жанәділов марапатталды.

Лауреаттар алғыс хат, ақшалай сыйлық және төсбелгімен марапатталды.