Байдарка және каноэ есу спортының даму әлеуеті

Байдарка және каноэ есу спортының даму әлеуеті

Нұр-Сұлтан – Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  (Мәңгілік ел,8, под 15) ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Байдарка және каноэ есуден Халықаралық Федерация вице-президенті Томасом Кониецкомен кездесті.

Кездесуде аталған спорт түрлерінің даму әлеуеті талқыланды. Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық ескек есушілердің халықаралық спорт аренасындағы жетістіктерін атап өтіп, Халықаралық Федерация өкіліне қазақстандық спортшыларға үнемі қолдау білдіріп отырғандығы үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде, Томас Кониецко қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге жетіп жүргендерін атап өтті. Сонымен қатар, ол бұдан әрі де аталған спорт түрлерін дамыту жолында тығыз жұмыс жасауға ниетті екендігін жеткізді.

Естеріңізге салайық, бүгінде аталған спорт түрлерімен жүйелі түрде елімізде 3 мыңға жуық адам айналысады. Жалпы, аталған спорт түрлерімен айналысу үшін 12 арнайы мамандандырылған ескек есу базалары қарастырылған.