
Астана – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт түрлері бойынша бас жаттықтырушылармен (бокс/әйелдер,ерлер, дзюдо/әйелдер,ерлер, грек-рим күресі, еркін және әйелдер күресі, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, садақпен ату) кездесті. Кездесу барысында жаттықтырушылар жуырда олимпиадалық спорт түрлері бойынша өткен Азия Чемпионаттарының қорытындысы туралы есеп берді. Өз кезегінде, министр 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы сұрап, ел спортшылары төртжылдықтың басты бәсекесіне жеткілікті лицензияға ие болады деген сенім білдірді.