
Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы жарыстың финалдары өтіп жатыр.
Бүгін тұтқалы ат снарядында Ұлттық құрама спортшысы Зейнолла Ыдырысов 2-орын алды. Ол финалда 14.133 балл жинады. Осы жаттығуда тағы бір отандасымыз, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов бақ сынап, 7-сатыдан көрінді. Оның еншісінде 13.233 ұпай бар.
Тұтқалы ат снарядының жүлдегерлері:
1. Матео Зугец (Хорватия, 14.166 балл)
2. Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан)
3. Джошуа Натан (Ұлыбритания, 14.100 балл)