
Ислам Ынтымақтастығы ойындарында күрес түрлерінен бірінші жүлде иегері анықталды.
Грек-рим күресінен 87 келідегі Ислам Евлоев жарыс жолын ширек финалдан бастап, алдымен Сухроб Абдулхоев (Тәжікстан) және артынша жартылай финалда Африканың бірнеше дүркін чемпионы Сид Азара Баширді (Алжир) жеңді.
Финалда ол 2025 жылғы әлем чемпионы Голамреза Фарохисенжанимен (Иран) өзара мықтыны анықтап, 0:6 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.
Айта кетейік, Ислам Евлоев 2024 жылы U20 санатындағы әлем чемпионатында топ жарған. Отандасымыз өз мансабында алғаш рет Ислам ойындарына қатысып отыр.
Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ