
Бүгін Семей қаласында дзюдодан ересектер арасындағы ел чемпионаты басталды.
«Абай-Арена» спорт кешеніндегі салтанатты ашылу рәсімінде Абай облысының әкімі Берік Уәли, Қазақстан дзюдо федерациясының Бас хатшысы Тимур Болат және дзюдодан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем және Азия біріншілігінің жеңімпазы, бәсекенің құрметті қонағы Елдос Сметов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Бүгін әйелдер -48, -52 кг, ерлер -60 және -66 кг салмақта кім мықтыны анықтайды.
Сондай-ақ белдесулерді Qazsport телеарнасы мен Kazakhstan Judo Team YouTube арасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.