
Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына 2-алтын медаль түсті.
Әйелдер арасында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде отандасымыз Софья Сподаренко қарсыластарына дес бермеді. Оның уақыт көрсеткіші - 26.99 секунд.
Осылайша, Қазақстан қоржынында 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль болды.
Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ