Құрметті брифингке қатысушылар!
Жеткен жетістікті де, кемшілікті де жасыруға болмайтын саланың бірі – спорт. Нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып, қоғамдық пікірді қозғайды.
Өздеріңіз білетіндей, жақындаекі маңызды спорттық оқиғаөтті. Олар:
Қазақстан құрамасының аталған ойындарда көрсеткен нәтижелері ойдағыдай болмады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылдың ақпан, наурыз айларында алты өңірдің жұмысына талдаужасалып,бірқатар өзекті мәселелер анықталды.
Осыған орай,Комитетспорттық дайындау жүйесінде бірқатар реформаларды қолға алуда.
Бүгінгі таңда республикада аккредиттелген 170 спорт түрі бар.
Анықтама: 80 олимпиадалық емес, 45 жазғы, 13 қысқы олимпиадалық түрлері, 28 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған, 13 ұлттық спорт түрі.
Саралау, яғни ранжирование бойынша, олардың барлығына мемлекет тарапынанқаражат қарастырылған.
Алайда спорт түрлерінің барлығын бірдей толыққанды дамыту мүмкін емес.
Сондықтан, соңғы 10 жыл ішінде өткен Олимпиада, Азия ойындарындағы ұлттық құрама командалардың жетістіктерін ескере отырып, Министрлік басым спорт түрлерінің тізімін анықтады.
Оған 15 спорт түрі кірді.
Анықтама: бокс, ауыр және жеңіл атлетика, жүзу, велоспорт (тас жол), дзюдо, әйелдер күресі, грек-рим күресі, еркін күрес, таеквондо, биатлон, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шаңғы жарысы.
Дегенмен, осы 15 спорт түрінің ішінде тек жетеуінде ғана спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп жүр.
Осы он бес спорт түрі бойынша алдағы уақытта өңірлердің жұмысын бағалау жүйесі әзірленеді. Спорт ғалымдары мен білікті мамандарды осы спорт түрлерін дамытуға жұмылдырамыз.
Бүгінгі таңда Министрлік республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып, бірқатар олимпиадалық спорт түрінен бас жаттықтырушыларды ауыстырды.
Басты себеп – ұлттық құрама спортшыларыныңкешенді және халықаралық жарыстардағытөмен нәтижелері.
Айта кету керек, біздің заңнамада бас бапкерлерді жұмыстан босатудың нақты критерийлері жоқ. Сондықтан қазір бұл мәселенікөтеріп, оны заңнамалық тұрғыдан түзететін боламыз.
Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың ақпан айында Ұлттық Олимпиада комитетінен мемлекеттік тапсырыс қайтарылды.Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, бұл функцияны біздің ведомствоға бағынысты Спортты дамыту дирекциясыіске асырады.Дирекция алдағы кешенді және халықаралық жарыстарға ұлттық құрама командаларының дайындығымен айналысады.Қазіргі таңда, өңірлердеоблыстық құрамалардың дайындығы бей-берекет жүргізілуде, спорт түрлеріндежас ерекшеліктеріне қарай жауапты жаттықтырушылар жоқ.Сондықтан, өңірлерде осы жұмыстардың барлығын орталықтандырып, жауапты мекемені белгілеу мақсатында Министрлік ШВСМ-дерді Спортты дамыту дирекциясы етіп қайта құруды ұсынып отыр.
Көздеп отырған мақсаттарымыз:
- облыстық құрама командаларды дұрыс жасақтау;
-спортшылардың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға жүйелі түрде қатысуы;
- барлық жас ерекшеліктері бойынша аға жаттықтырушылардың жауапкершіліктері заңдастырылады;
- өңірлердегі Дене шынықтыру және спорт басқармаларының жұмысын жеңілдетіп, жалпы спорт саласындағы саясатты жүргізуге, спорттық мекемелердің қызметі сапалы үйлестіріледі;
- жалпысыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
Елімізде спорттық дайындықтың қолданыстағы тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген спорттық мектеп-интернаттар мен колледждерінің түлектеріхалықаралық және республикалық жарыстардың қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші номерлер штаттық құрама сапына кіріп, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға ие болады.
Ал, жүлделі орындарға ие бола алмаған, бірақ дарынды спортшылар осы тұста спорттық мансабын аяқтауға мәжбүр болады.
Осы жағдайды ескере отыра, Академиялық жаттығу орталығын ашуды жөн деп санадық.
Жоғарыда аталған дарынды спортшылар осы Академияның базасында өздерінің спорттық мансабын жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.
Академияда бұл спортшылар жыл бойы тұрып, жетекші спорт мамандарының қолдауымен оқу-жаттығу процесін жалғастырады. Осылайша олар штаттық құрамадағы спортшыларға бәсекелес бола алады.
Айта кететін жағдай, 17 өңірдің 14-де мектеп-интернат-колледждер бар. Оған қоса республика деңгейінде – 5 мектеп, оның 3-уі Алматы қаласында. Оқу-жаттығу бағдарламалары бірдей болғандықтан, заңнамалық тұрғыдан бұл функциялардың қайталануы болып есептеледі.
Сондықтан,Министрлік Республикалық спорт колледжінің базасында Жаттығу орталығын құру туралы шешім қабылдады.
Спортта жетекші орындарды иеленетін барлық елдерде осындай орталықтар бар. Бұл Ресей, Қытай, Норвегия.
Бұл әдіс ең жақсы спорттық нысандарды пайдалануға мүмкіндік береді, тәжірибе алмасуға, жаттықтырушылар, дәрігерлер мен ғалымдардың жұмысын үйлестіруге, команда мен жеке спортшының жаттығуларын басқаруға көмектеседі.
Әр ұйымныңөз орны, соған сәйкес оның спортты дамытуға қосатын үлесі болатын вертикалдықұрып жатқанымызды атап өткім келеді.
Академия бастапқы кезеңде жоғарыда аталған басым спорт түрлерінің жетеуі бойынша жұмыс жүргізеді.
(Анықтама: еркін, әйелдер және грек-рим күрестері, дзюдо, бокс, велошоссе, ауыр атлетика, жүзу).
Бұл ретте,Алматыда жас спортшыларды дайындауға бірдей жағдай жасалған 2 республикалық және 1 қалалықмектеп-интернат-колледжбарын ескердік.
Аталған ұйымдарға балалардыорналастыру жоспарымыз дайын.
Сондай-ақ, қызметкерлерімізді де қараусыз қалдырмаймыз. Жұмысшы персоналды және ішінара әкімшілік персоналды жаңа мекемеде қалдырамыз. Жаттықтырушылар мен әдіскерлер де жұмысын жалғастырады. Ал мұғалімдерді басқа спорт мекемелерде жұмыспен қамтамасыз етеміз.
Аталған оқу орнында спорттың 8 түрі дамытылады.
Қазіргі уақытта мектеп-интернаттың контингенті 254 адамды құрайды, оның 194 оқушы, 60 колледж студенттері.
Алайда, оқуға түсушілер санының 80 % (200 спортшы) Шығыс Қазақстан облысының спортшыларынан құралған. Осыған байланысты спортшылардың сапалық құрамына және мектеп-интернатының жұмысына бақылауды жергілікті жерден жүргізген дұрыс деп есептейміз.
Аталған мекеме жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне берілгенімен өз жұмысын дәл қазіргідей жалғастырады және қысқы спорт түрлерін дамыту үшін мемлекет тарапынан әрқашан қолдау табатын болады.
Осыған орай, олимпиадалық емес спорт түрлеріне берілетін үстемақыларды қайта қарастырып, Үкіметтің № 1193 Қаулысынаөзгерістер енгізуді көздеп отырмыз (Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі).
2) Сонымен қатар Дене шынықтыру мен спорт туралы Заң жобасынаөзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделген:
1) спорт түрлерін саралау нәтижелері бойынша бюджет қаражатын бөлуге;
2) спорт резервін даярлау;
3) мемлекетке тиесілі спорт объектілерін пайдаланудың тиімділігі.
Жергілікті атқарушы органдарға балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырыстыорналастыру талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бойынша құзырет беру көзделеді.
Сонымен қатар, кәсіби спорт клубтарын ұстауға арналған лимиттерді бекіту ұсынылады.
Бүгінгі күні заңға тәуелді актілерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде:
- аккредиттеуден өту үшін талаптарды қатаңдату бөлігінде спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларына өзгерістер енгізіледі;
- спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандырутөлемдерін 24 АЕК-тен (73512 теңге) 100 АЕК-ге (306 300 теңге) дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізіледі;
- спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру үшін нормалар мен талаптар қайта қаралды.
Бұл актілер мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуде.