Алдымен спортшылар цифрлық форматта жарысады — мысалы, ойын құрылғысында, компьютерде, мобильді құрылғыда немесе планшетте — содан кейін жарысты физикалық форматта жалғастырады: футбол алаңына, LED-алаңына немесе паркетке шығады. Жаңа буын спортының бұл форматы спорт туралы әдеттегі көзқарасты толығымен өзгерте отырып, физикалық белсенділікпен цифрлық ортадағы спортшылардың ең үздік дағдыларын біріктіреді.
Фиджитал – физикалық күш пен төзімділік сияқты реакция жылдамдығы, тактикалық және стратегиялық ойлау да соншалықты маңызды.
Болашақ Ойындары 2026 (GOTF 2026) — бүкіл әлем бойынша миллиондаған көрермендері бар болашақтың керемет, қарқынды және шынымен ерекше спорттық форматы. Жарысты Астанада өткізу – Қазақстандағы инновациялық спорт түрлерін дамытудағы маңызды қадам.Мұнда дәстүр мен технология, спорт пен инновациялар тоғысады, ал цифрлық және физикалық әрекеттер арасындағы шекара жоқ.
2026 жылғы «Болашақ Ойындарының» (GOTF2026) ресми символдары классикалық спорт пен цифрлық кеңістікті біріктіретін төрт жарқын кейіпкер болды.
Әрбір Қорғаушы жарыс рухының ерекше қырын көрсетеді: күш, тактика, техника және ойынға деген құштарлық.
Олар бірге спорт пен цифрлық энергия тоғысатын, ал адалдық пен жеңіске деген ұмтылыс басты құндылықтарға айналатын тұтас бір әлемді қалыптастырады.