Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК бас бухгалтері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК (бұдан әрі-кәсіпорын) келесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Бас бухгалтер (негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыс уақытына 02.01.2023 ж. дейін), санаты А2-1

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, кәсіби бухгалтер сертификатының болуы, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі қажет.

Лауазымдық жалақы 144 000 бастап -170 000 теңге дейін

Лауазымдық міндеттері:

  1. Ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

  2. Есептік-экономикалық бөлімшелерде басшылықты жүзеге асырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

  3. Қаржы-экономикалық қатынастарды қалыптастыру және реттеу жөніндегі жұмысты бағыттайды және үйлестіреді, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, өз міндеттерін директор орынбасарының жалпы басшылығымен және өзге де бөлімше басшыларымен өзара әрекет етіп қызметтерін орындайды;

  4. Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес кәсіпорынның есеп саясатын қалыптастырады;

  5. Ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының және типтік формалары қрастырылмаған шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есепке алу құжаттарының формаларын әзірлеу, есептік жұмыс жоспарын (қаржыландыру жоспары) қабылдау және дайындау, сондай-ақ түгендеу жүргізу тәртібі, шаруашылық операцияларының жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтау, құжат айналымы тәртібін қамтамасыз бойынша жұмыстарды басқарады;

6 Есепке алу-есептеу жұмыстарын барынша орталықтандыру және қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды, есепке алу, бақылаудың озық нысандарын, әдістерін қолдану негізінде кәсіпорын мен оның бөлімшелерінде бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

  1. Кәсіпорынның қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және дұрыс бухгалтерлік ақпаратты қалыптастырып уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;

  2. Негізгі қаражаттан түсетін міндеттемелі және шаруашылық операцияларды, тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алуды және бухгалтерлік шот есебінде қозғалысы бойынша операциялардың уақытылы орындалуы, өндіріс пен айналым шығындарын есепке алуды, шығыстар сметасын орындауды, өнімді жүзеге асыру, жұмыстарды (қызметтерді) орындауды, кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелері, сондай-ақ қаржылық, есептік және кредиттік операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсетуді ұйымдастырады;

  3. Құжаттардың уақыты мен дұрыстығы, ресімдеудің заңдылығы, орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) өзіндік құны мен экономикалық құрылымына негізделген калькуляцияларын жасауды, жалақы бойынша есеп айырысуды, салық және мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді, зейнетақы және өзге сақтандыру жарналарын, банк төлемдері, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты дұрыс есептеуді және аударуды қамтамасыз етеді;

  4. Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуына, жалақы қорының жұмсалуына, кәсіпорын қызметкерлеріне жалақының дұрыс есептелуіне, негізгі құралдарға, тауарлық-материалдық құндылықтарға және ақша қаражатына түгендеу жүргізуге, бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды тексеруге, сондай-ақ кәсіпорын бөлімшелерінде құжаттық тексерулерге бақылауды жүзеге асырады;

  5. Ысыраптар мен өнімсіз шығындарды жою мақсатында, шаруашылық ішілік резервтерді есептеу және анықтау, ұйымның бухгалтерлік шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысады;

  6. Жетіспеушіліктердің, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.

  7. Қаржылық тексерістер жүргізуге және ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы жөніндегі материалдарды ресімдеуге қатысады, қажет болған жағдайларда осы материалдардың тергеу және сот органдарына берілуін бақылайды;

  8. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қаржы қаражатын жинақтау бойынша шаралар қабылдайды;

15.Бос қаржы қаражатын банктік депозиттік салымдарға (сертификаттарға) орналастыру және бағалы қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша банктермен өзара іс-қимылды, депозиттік және кредиттік шарттармен, бағалы қағаздармен есепке алу операцияларының жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;

  1. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және өзге де шығындар сметасының, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектерді және өзге де шығындарды есептен шығару заңдылығының қатаң сақталуын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіпте мұрағатқа ресімдеуді және тапсыруды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді;

  2. Қаржылық есептілікті (баланстарды, пайда мен шығындар туралы есептерді, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептерді және капиталдың өзгеруі туралы есептерді) және қаражат кірістері мен шығыстары туралы, бюджетті пайдалану туралы жедел жиынтық есептерді, өзге де бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептілікті жасауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ есептік ақпараттың объективтілігін қамтамасыз етеді;

  3. Заманауи есептеу техника құралдарын қолдану негізінде ұтымды жоспарлы және есептік құжаттаманы, бухгалтерлік есепті жүргізудің прогрессивті нысандары мен әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысады;

  4. Бухгалтерлік есеп, бақылау, есептілік және экономикалық талдау мәселелері бойынша ұйым бөлімшелерінің қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетеді;

  5. Бухгалтерлік есеп бөлімін басқарады.

Білуге тиіс:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының салық кодексі;

- Қазақстан Республикасының бюджет кодексі;

- Қазақстан Республикасының еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

- Бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер;

- Ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты әдістемелік және өзге де материалдары, азаматтық құқық, қаржы, салық, әкімшілік-шаруашылық заңнамасы, бақылау-тексеру органдарының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау мәселелерін жүзеге асыру;

- Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері, ұйымның құрылымы, оның даму стратегиясы мен перспективалары;

- Ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, оны жүргізу тәртібінің сипаттамасы;

- Учаскелерді есепке алу бойынша операцияларды ресімдеу және құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі, қаржылық есеп айырысу формалары мен тәртібі;

- Ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін экономикалық талдау, шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау әдістері;

 - Қабылдау, кіріске алу, сақтау және ақшалай қаражатты, тауар-материалдық және өзге де құндылықтарды жұмсау тәртібі;

- Борышкерлермен және кредиторлармен есеп айырысу тәртібі, Заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттары;

- Бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығару тәртібі;

- Ақшалай қаражат пен тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізу тәртібі;;

- Бухгалтерлік баланстар мен есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері;

- Тексеру және құжаттамалық ревизия жүргізу тәртібі;

«Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК келесі мекенжайда орналасқан: Щучинск қаласы, ОАА  шағын ауданы, 5А ғимараты.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты олимпиадалық резервті және қысқы спорт түрлері бойынша республиканың ұлттық құрама командаларын ұйымдастыру және даярлау болып табылады. 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың мынадай құжаттары болуға тиіс:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшіремсі;

5) еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

7) сотталмағаны туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: vko_cop@mail.ru

Объявление конкурса на занятие вакантной должности главного бухгалтера РГКП «Центр олимпийской подготовки по зимним видам спорта» Комитета по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан
Дата публикации
06 мая 2022