Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті келесі бос лауазымға конкурс жариялайды:
«Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры.
«Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК мына мекен-жайда орналасқан: Ақмола облысы Щучье қаласы, Бармашина ауылы,15а ғим.
Кәсіпорынның негізгі қызметі спорт шеберлігін арттыру үшін спортшылардың жыл бойындағы орталықтандырылған даярлығын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогикалық, құқық немесе экономика мамандықтары бойынша білімі, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, Қазақстан Республикасының заңдарын білу.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) соттылығы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттары конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде (2021 жылғы 9 тамызға дейін) мына мекен-жайда қабылданады:
Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс, тел: 741269, 74-05-00.
___________________________________
___________________________________
___________________________________
(мемлекеттiк орган)
Өтiнiш
Менi _________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________________________ бос лауазымына орналасу конкурсына қатысуғажіберуіңізді сұраймын.
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берiлген құжаттар:

__________________ ___________________________
(қолы) (аты-жөнi)
«____»_______________ 2021 ж.