ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАР МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ
Республикалық спорт колледжі келесі спорт түрлері бойынша мамандар даярлайды: бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, дзюдо, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, таеквондо, семсерлесу, суға секіру, қазіргі бессайыс, оқ ату.
Колледжді тәмамдаған түлектер «Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы» біліктілігі бойынша орта арнайы білімі туралы диплом алады.
Оқу түрі – күндізгі, қазақ және орыс тілдерінде.
Оқу мерзімі – жалпы орта білім негізінде 2 жыл 10 ай.
Таңдаған спорт түрі бойынша спорттық разряды ҚР спорт шеберіне үміткерден төмен болмауы тиіс. ҰБТ нәтижелері бойынша қабылдау 30 баллдан кем емес.
Колледжге оқуға қабылданғандар жатақхана, тегін тамақ, оқукезеңінде шәкіртақы (стипендия), жолақымен қамтамасыз етіледі.
Құжаттар 2021 жылғы 20 маусым мен 20 тамыза ралығында rkspriemnaya2020@mail.ruэлектронды пошта арқылы қабылданады.
Жалпы дене дайындығы (ЖДД) және арнайы дене дайындығынан (АДД) қабылдау емтихандары 23-26 тамыз аралығында жүргізіледі. Оқуға түскені туралы бұйрық 28 тамызда шығарылады.
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:
1) Еркін нысандағы өтініш
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жалпы орта білім туралы куәлік;
4) ұлттық бірыңғай тестілеудің сертификаты немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болса);5) спорттық атақтар мен спорттық разрядтар беру туралы куәліктің немесе бұйрықтың көшірмесі (бұйрықтан үзінді)
6) 3x4 өлшемді 6 фотосурет;7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No бұйрығына 3-қосымшада бекітілген амбулаториялық-емханалық мекемелерде қолданылатын медициналық карталардың түпнұсқалары, берілген қан, зәрдің жалпы анализі туралы мәліметтерді көрсете отырып; стоматологтың, эндокринологтың, кардиологтың, фтизиатрдың қорытындысы өтініш берген күнге дейін 10 күнтізбелік күннен ерте емес, фтизиатр (егер тұрақты Манту реакциясы болса), амбулаторияның No 052 / у нысандағы медициналық картасы (бар болса), № 065 / у формасындағы профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ медициналық анықтама эпидемиологиялық орта, жүрек, бүйрек, іш мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу туралы медициналық қорытындылар, электроэнцефалограмма негізінде жасалған медициналық қорытынды, сонымен қатар мидың магниттік-резонанстық томографиясы (бокс бөліміне түскен жағдайда);
8) бұқаралық спорттық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық спорт жарыстарындағы жеңімпаз орын туралы куәландыратын дипломдардың, сертификаттардың, жарыстардың хаттамаларының көшірмелері (бар болса)9) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған спортшының жеке картасы.
Сонымен қатар, «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2021-2022 оқу жылына 7- сыныптарға оқушылар қабылдау туралы жариялайды.
Қабылдау Республикалық спорт колледжіндегі даярлайтын мамандықтарға сәйкес спорт түрлері (бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, дзюдо, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, таеквондо, семсерлесу, суға секіру, қазіргі бессайыс, оқ ату) бойынша жүргізіледі.
7 сыныпқа қабылданатын оқушылардың спорттық дайындық деңгейі - таңдаған спорт түрінен балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі оқу-жаттығу топтарының даярлығына сәйкес болуы қажет. Оқуға түсушілер жалпы дене дайындығы (ЖДД) және арнайы дене дайындығы (АДД) бойынша емтихандар тапсырады. Жалпы білім беру пәндері бойынша: қазақ тілі (диктант), орыс тілі (ауызша емтихан), Қазақстан тарихы (ауызша емтихан) және математика (бақылау жұмысы) емтихандарын тапсырады.
7-сыныпқа қабылданатыноқушылардың құжаттарын қабылдау 2021 жылғы маусымның 1-і мен тамыздың 20-ы аралығында rkspriemnaya2020@mail.ruэлектронды поштасы арқылы жүргізіледі.
Қабылдау емтихандары 2020 жылғы тамыздың 23-24 аралығында өткізіледі.
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:
1) Еркін нысандағы өтініш
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін)3) жалпы орта білім туралы куәлік;4) ұлттық бірыңғай тестілеудің сертификаты немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болса);5) спорттық атақтар мен спорттық разрядтар беру туралы куәліктің немесе бұйрықтың көшірмесі (бұйрықтан үзінді)6) 3x4 өлшемді 6 фотосурет;7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No бұйрығына 3-қосымшада бекітілген амбулаториялық-емханалық мекемелерде қолданылатын медициналық карталардың түпнұсқалары, берілген қан, зәрдің жалпы анализі туралы мәліметтерді көрсете отырып; стоматологтың, эндокринологтың, кардиологтың, фтизиатрдың қорытындысы өтініш берген күнге дейін 10 күнтізбелік күннен ерте емес, фтизиатр (егер тұрақты Манту реакциясы болса), амбулаторияның No 052 / у нысандағы медициналық картасы (бар болса), № 065 / у формасындағы профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ медициналық анықтама эпидемиологиялық орта, жүрек, бүйрек, іш мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу туралы медициналық қорытындылар, электроэнцефалограмма негізінде жасалған медициналық қорытынды, сонымен қатар мидың магниттік-резонанстық томографиясы (бокс бөліміне түскен жағдайда);8) бұқаралық спорттық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық спорт жарыстарындағы жеңімпаз орын туралы куәландыратын дипломдардың, сертификаттардың, жарыстардың хаттамаларының көшірмелері (бар болса)9) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған спортшының жеке картасы.
Біздің мекен-жайымыз:
050060, Алматы қаласы,
Тимирязев көшесі, 41
тел. 8 727 376 25 14, 376 27 22