2021 жылдың 3 айында Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне 149 жазбаша өтініш келіп түсті:
оның ішінде: заңды тұлғалардан -62;
жеке тұлғалардан– 87.
Түрлері бойынша: өтініштер –86; шағымдар-5, ұсыныстар, сұрау сауалдар, үн қосу –58.
Қанағаттандырылды және түсініктеме берілді -149
Өтініштер спорттың әр алуан түрін дамыту және осы саланы қаржыландыру мәселелеріне қатысты, оның ішінде:
Мемлекеттік қызметтер мәселесі - 31,
бұқаралық спорт түрлері -25,
жазғы спорт түрлері - 25,
қысқы спорт түрлері -5,
ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс бойынша -7,
спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері -21,
қаржы, құрылыс, құқықтық, кадрлық және т.б. мәселелер бойынша – 35.
Барлық түскен өтініштер уақтылы қаралып, өтініш иелеріне жауаптар заңнамада белгіленген мерзімде жолдануда.
2021 жылғы 3 айында басшылар 6 азаматты қабылдады: оның ішінде жеке тұлғалар -3, заңды тұлғалардың өкілдері – 3.
Қабылдау қорытындылары бойынша барлық азаматтарға түсініктеме берілді.