1982 жылы 18 қыркүйекте Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (кәсіптік жоғары білімді дене тәрбиесі оқытушысы), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін (құқық бакалавры) тәмамдаған.
2004-2009 жж. Ақтөбе облысы, Темір ауданында Абай атындағы орта мектепте дене тәрбиесі пәні мұғалімі;
2009-2011 жж. Ақтөбе облысы, Темір ауданында Кеңқияқ орта мектебінің дене тәрбиесі нұсқаушысы;
2011-2012 жж. Ақтөбе облысы, Шұбарқұдық ауылында Темір аудандық әдістемелік орталығының әдіскері;
2012-2015 жж. Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы;
2015 жылы Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жүзуден олимпиадалық резервтегі мамандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушы;
2015-2016 жж. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ халық шығармашылығы және кітапхана жұмысы бөлімінің бас маманы;
2016-2017 жж. Ақтөбе қаласы Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2017 жылы Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жүзуден олимпиадалық резервтегі мамандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары;
2017-2018 жж. Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы;
2018-2019 жж. Ақтөбе қаласының «Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандырылған мектеп-интернат-колледжі» ҚММ директоры;
2019 жылы Ақтөбе облысы «Темір аудандық әкімі аппараты» ММ аудан әкімінің орынбасары;
2019-2020 жж. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы;
2021-2022 жж. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Тәңірберген ауылдық округінің әкімі;
2022-2023 жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы;
2023-2024 жж. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спорт резерві, әдістемелік қамтамасыз ету және ғылым басқармасының басшысы;
2025 жылдың 9 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.