Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «__» _________ № _____
қаулысымен бекітілген
«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Егер «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберілсін.
қала аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;
бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан қала құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық және республикалық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi тестiнің орындалу жұмыстарын бақылау және ұйымдастыру. «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңнамасының 31 бабы;
спорт инфрақұрылымын дамыту қызметін үйлестіру.
қаланың дене шынықтыру және спортты дамыту жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады;
Сәтбаев қаласы аймағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды;
аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық, қалалық, облыстық спорттық жарыстарды өткiзедi;
спорт түрлерi бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
қала аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;
қала аумағында қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;
мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;
спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;
қала аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
қала аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;
аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша қаланың құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;
ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
қалалық спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
дене шынықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бірлестіктер дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізеді, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттырады;
аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен әзірленген қалалық спорттық жарыстардың ережелерiн (регламенттерiн) бекiтедi;
мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына баруға жағдай жасауды, арнайы спорттық мүліктерді берудi қамтамасыз етедi;
мекеме құзыретінің шегінде әкім және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді;
құзырет шегінде мәселелерді қарау кезінде барлық мекемелерде мемлекет мүдделеріне өкілдік етеді;
жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық-әдіскерлік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
конференциялар, семинарлар және тағы басқа оқыту түрлерін ұйымдастыру және өткізуге қатысу және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасу;
дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша мәліметтерді талдау және жоғарыда тұрған органдарға ұсыну;
заңнамамен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
мекеме қызметін ұйымдастырады және басқарады;
тікелей қала әкіміне бағынады және мекемеге жүктелген функцияларды орындауға жауапты;
дара басшылық қағидасында әрекет жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және осы ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеменің қызметін мәселелерін өз еркімен шешеді;
өз құзыреті шегінде мекеменің қызметшілерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
өз құзыреті шегінде барлық қызметшілерге міндетті бұйрық шығарады және нұсқау береді;
қызметшілерге ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза береді;
қызметшілердің өкілеттіліктерін анықтайды;
жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу мақсатында атқарушы органдардан белгіленген тәртіпте материалдарды сұрайды және алады;
мүдделі мекемелерді тартумен мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жиналыс шақырады;
мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
келісімдер жасайды;
сенімхаттар береді;
мекеменің іс-сапарлар, тәжірибе алмасу, республикалық және шет елдік оқу орталықтарына және біліктілікті көтерудің басқа да түрлері бойынша мекеме қызметшілерін оқытудың және біліктіліктерін арттырудың тәртібі мен жоспарын бекітеді;
Қазақстан Республикасының заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.