Төменгі лауазым болып табылмайтын «Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Приозерск спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымының бос орнына орналасуға конкурс өткізу бойынша Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің конкурстық комиссиясы отырысының
№ 2 ХАТТАМАСЫ
2025 жыл 22 қазан Приозерск қаласы
ҚАТЫСҚАНДАР:
|
Комиссия төрағасы: |
Ұлан Алмасұлы Алмас, қала әкімінің орынбасары; |
|
|
Комиссия мүшелері: |
Нуртай Абдрахимович Стамкул, Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а.; Жанат Ялгашбековна Абулова, Приозерск қаласының мәдени-демалыс орталығы директорының м.а.; Жуломан Киримович Купяшаров, Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт нұсқаушысы; Иман Ердосұлы Мамбет, Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт бойынша әдіскері;
|
|
|
Комиссия хатшысы:
Қатыспағандар:
|
Ләззәт Жолдасқызы Избасар, Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің референті.
|
|
Күн тәртібінде:
Төменгі лауазым болып табылмайтын «Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Приозерск спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымының бос орнына орналасуға кандидаттармен ұсынылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу қорытындысы негізінде үміткерлерді бағалау және олардың қатарынан іріктеу туралы.
Айдар Алибаевич Садуахасов әңгімелесуден өтті. Үміткермен өткізілген әңгімелесу барысы бейнежазбаға жазылды.
Алмаз Дарибайулы Оспанов әңгімелесуге келмеді.
Конкурстық комиссия үміткердің өткізілген әңгімелесу қорытындысын қарастырып, бірауыздан келесі шешімді қабылдады:
ҰСЫНЫЛСЫН:
«Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Приозерск спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына орналасуға Айдар Алибаевич Садуахасов ұсынылсын.
|
|