2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметі туралы есеп
«Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
- 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;
- Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету электрондық нысанда жүзеге асырылды.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді және қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Бөлім басшысы Н. Стамкул