Приозерск қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 17 қарашадағы
№ 44/1 қаулысымен бекітілген
«Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің ережесі
мемлекеттік тілде – «Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел физической культуры и спорта города Приозерск».
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
1) қала азаматтарының дене шынықтыру және спортқа конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
2) дене шынықтыру және спорт саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) қалада дене шынықтыру және спорт жүйесінің қызмет етуін мемлекеттік қамтамасыз ету және оны өзгеріп жатқан қоғамның қажеттіліктеріне және қоғамның дамуының жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сәйкес әлеуметтік қорғау;
4) дене шынықтыру және спорттың аймақтық жүйесін қаржылық қамтамасыз етуін талдау, дене шынықтыру және спорт саласында мақсаттық бағдарламаларды қаржыландыру сұрақтары бойынша аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептер құрастыру, орта мерзімді мемлекеттік салалық және аймақтық бағдарламалардың өңделу сатысында инвестициялық ұсыныстарды енгізу арқылы дене тәрбиесі және спорт саласында мемлекеттік қаржылық, инвестициялық, инновациялық саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз ету.
1) әртүрлі спорт түрі бойынша қалалық командаларды дайындау, олардың облыстық және басқа да спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
2) қала аумағында жаппай спорт және ұлттық ойындар спортының дамуын қамтамасыз ету;
3) қала аумағындағы спорт ұйымдарының қызметін бақылау;
4) спорттық разрядтар мен санаттарды бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
5) қалалық бұқаралық-спорттық іс-шаралар бойынша күнтізбелік жоспарларды өңдейді, бекітеді және іске асырады;
6) қала аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
7) Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорттық дамуы бойынша статистикалық мәліметтерді облыстық дене шынықтыру және спорт Басқармасына ұсынады және талдайды;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жеке тұлғалардан, барлық меншік түріндегі ұйымдардан және кәсіпорындардан Мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
2) Мекемеге жүктелген міндеттер мен қызметтерге сәйкес шараларды іске асыру барысында, басқа мекемелердің қызметкерлерін, олырдың басшыларының келісімімен, тарту туралы ұсыныс жасайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
1) жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
2) Мекеменің атынан сенімхатсыз іс - әрекет жасайды;
3) барлық ұйымдарда Мекеменің мүддесін білдіреді;
4) заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік етеді;
5) Мекеменің бұйрықтарына қол қояды, заңды және жеке тұлғалармен келісім – шарттар жасайды;
6) сенімхаттар береді;
7) Мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
8) заңнамамен белгіленген тәртіппен Мекеменің қызметкерлеріне мадақтау шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шараларды қабылдайды және осы үшін жеке жауапты болады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін сақтауға жауапты;
11) осы Ереже және заңнама негізінде жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген
мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.