Осакаров ауданының қыстық спорт түрлерінен құрама командасы 2025 жылдын 05 - 07 ақпан күндері аралығында Теміртау қаласында ұйымдастырылған Қарағанды облысының аудандарының арасындағы қыстық «Қарлы қыс 2025» ХХХV Спартакиадасына қатысты.
Спартакиада қорытындысы бойынша ауданымыздың командасы жалпы командалық есепте жоғарғы 3 – орынға қол жеткізді.
Спорт түрлері бойынша атап айтар болсақ: «Конькимен жылдам жүгіруде» - 1 орын, команда құрамы: Валерия Стебелевская (Осакаровка кенті), Елена Груздева (Пионер ауылы), ағайынды Иван және Денис Степановтар (Пионер ауылынан).
«Қыстық Президенттік көпсайыс» - 2 орын, команда құрамы: Павел Мацегора, Константин Вдовин, Владимир Рябков, Андрей Винк, Валентина Ворошилова, Светлана Цебер (барлығы Есіл ауылы), Анна Букетаева (Центральное ауылы), Ольга Саак (Осакаровка кенті).
«Шаңғы жарысы» - 3 орын, команда құрамы: Константин Вдовин, Артур Масс, Диана Доронина және Валентина Ворошилова (барлығы Есіл ауылы).
Бұл спортшыларымыздың барлығы біраз жылдардан бері ауданымыздың қыстық спорт түрлерінің дамуына қосқан үлестері зор. Аудан басшылығының атынан барлық спортшыларға алғысымызды білдіреміз! Барлық спортшыларымызды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
01.02.2025 жылы Есіл және Пионер ауылдарында «Нашақорлыққа жол жоқ» атты аудандық «Қарлы қыс 2025» қысқы Спартакиадасы өтті. Спартакиадаға Осакаров ауданының кент және ауылдық округтерінің командалары қатысты.
Спартакиада қорытындысы бойынша командалар келесідей нәтижелер көрсетті:
1. Қысқы Президенттік көпсайыс:
1 орын – Есіл а/о
2 орын - Молодежный кенті
3 орын – Қарағайлы а/о
2. Шаңғы жарысы бойынша:
1 орын – Есіл а/о командасы
2 орын – Жұлдыз а/о
3 орын – Озерное а/о
3. Конькимен жарысу:
1 орын – Осакаровка кенті
2 орын – Жұлдыз а/о командасы
3 орын – Пионер а/о
Жалпы командалық есепте:
1 орын – Есіл а/о командасы
2 орын - Жұлдыз а/о командасы
3 орын - Қарағайлы а/о командасы.
Барлық жеңімпаз командалар мен жүлдегер спортшыларды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!!!
01.02.2025 жылы Осакаровка кентінің дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай аудандық дойбыдан жарыс өтті. Жарыс жеңімпаздары:
1 орын Құрманов Бауыржан
2 орын Хабибуллин Наил
3 орын Құлтаев Бекбол
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз !!!
2025 жылдың 26 қантар күні Молодежный кентінің спорт кешенінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай волейбол спорт түрінен аудандық ашық жарыс өтті.
Жарысқа барлығы 8 команда қатысты: Астана қаласы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау ауданы, Шет ауданы (Сәкен Сейфуллин кенті және Үңірек ауылы), Осакаров ауданы (Есіл ауылы, Жұлдыз ауылы және Молодежный кенті) командалары.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын - Сәкен Сейфуллин кенті (Шет ауданы)
2 орын - Қарағанды қаласы
3 орын - Молодежный кенті
Номинациялар бойынша:
Үздік шабуылдаушы – Ерасыл Татуханов (Қарағанды қаласы)
Үздік либеро – Саржан Жаров (Молодежный кенті)
Үздік ойыншы – Мерей Салауатұлы (С.Сейфуллин кенті)
Барлық спортшыларды жүлделерімен құттықтаймыз!!!
2025 жылдың 15 - 18 қаңтар күндері аралығында Бұқар жырау ауданы Ботақара кентіңде қазақ күресінен 2010 – 2011 және 2008 - 2009 жылы туған жасөспірімдер және қыздар арасында Қарағанды облысының Чемпионаты өтті.
«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ұйымдастыруымен осы аталмыш Чемпионатқа ауданымыздың «Осакаровка кентінің балалармен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ және «Молодежный кентінің балалармен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшылары қатысты.
2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында + 75 келі салмақ дәрежесінде Асанәлі Жансейіт - Чемпион атаңса, 70 келі салмақ дәрежесінде Аманжол Хабдрасалұлы қола жүлдегер атанды.
2008-2009 ж т қыздар арасында: 40 келі салмақ дәрежесінде Тұмар Какеш - 1 орын, 48 келі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жанат - 3 орын, 52 келі салмақ дәрежесінде Таңшолпан Арғынбекқызы - 2 орын, +65 келі салмақ дәрежесінде Ксения Безрукова 3 орыннан көрінді.
2008 -2009 ж т жасөспірімдер арасында:
55 келі салмақ дәрежесінде Жанболат Арғынбекұлы - 3 орын, 55 келі салмақ дәрежесінде Марғулан Сидаға - 2 орын, 65 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Айов - 3 орын, 65 келі салмақ дәрежесінде Темірұлан Хабай - 3 орын, 75 келі салмақ дәрежесінде Саид Есмаганбетов - 2 орындарды жеңіп алды.
Спортшыларымыздың бапкерлері: Ерталап Ельшманов, Дархан Есмаганбетов, Серік Хуанбай, Жасұлан Аменкин.
Осы Чемпионатта 1 және 2 орын алған спортшыларымыз ақпан айында Өскемен қаласында өтетін қазақ күрестен Республика Чемпионатында облысымыздың намысын қорғайды.
Барлық палуандарымызды және бапкерлерді жеңістерімен құттықтаймыз.
18.01.2025 ж.
Осакаровка ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай баскетболдан аудандық жарыс өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 м - Осакаровка кенті
2 м - Қарағайлы ауылы
3 м - Пионер ауылы
Номинациялар бойынша:
Үздік шабуылшы – Есболат Марғұлан
Үздік ойыншы – Бірлік Арманбек
Үздік қорғаушы – Балапан Қуаныш
"Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ 2022 жылдың 23 сәуір күні Қазақстан Республикасының Рәміздерінің 30 жылдығына арналған мүмкіндігі шектеулі жандар арасында "Дойбы" , "Тоғызқұмалақ", "Дартс" спорт түрлерінен аудандық жарыстар ұйымдастырды. Спорт түрлері бойынша жеңімпаздар: "Дойбы" - ерлер 1 орын - Таубахан Оналхан, 2 орын - Анатолий Еремеев, 3 орын - Виктор Шефер. Әйелдер: 1 орын - Шотайн Жазира, 2 орын - Зарина Кривец, 3 орын - Лариса Попова. "Тоғызқұмалақ": 1 орын - Марал Шахманов, 2 орын - Ерсін Болатбек, 3 орын - Айгүл Қожекенова. "Дартс": Ерлер -1 орын - Ерсін Болатбек, 2 орын - Қадыр Жанзаков, 3 орын - Андрей Шнайдер. Әйелдер: 1 орын - Шотайн Жазира, 2 орын - Лариса Попова, 3 орын - Аймөлдір Самырхан. Барлық жеңімпаздарымызды және спортшыларымызды құттықтаймыз! Жарысқа демеушілік жасаған аудандық "Аманат" партиясының атқарушы хатшысы Нұрлан Аманкелдіұлы Башаровқа және аудандық дербес бөлімдердің басшыларына алғысымызды білдіреміз.
Қарағанды облысында ұлттық спорт түрлерінің дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Облыста 11 ұлттық спорт түрлері таралған (тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату), шұғылданушылар саны 42 мыңнан астам адамды құрайды. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы қатарына облыстың 18 спортшысы енген.
2019 жылы ұлттық спорт түрлерін қаржыландыру айтарлықтай ұлғайтылды. Басқарма бойынша 2018 жылы 13 млн. теңге бөлінсе, өткен жылы 38 млн. теңге бөлінді.
Қалалар мен аудандарда ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін 42 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Бұл өз нәтижесін беруде. Мәселен, облыс спортшылары Ұлттық спорт түрлерінен жастар арасындағы I Азия Чемпионатында, "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінде, аударыспақтан ересектер арасындағы ҚР Чемпионатында, тоғызқұмалақтан Халықаралық турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанды.
Алғаш рет Қарағанды қаласында "Сарыарқа батырлары" I республикалық турнирі ұйымдастырылып, оған еліміздің 200-ден астам палуандары қатысты.
2019 жылдың жарқын және бұқаралық сипаттағы шарасы - Ботақара ауылында өткен ұлттық спорт түрлерінің Фестивалі болды. Оған қалалар мен аудандардан 200-ден астам спортшы қатысып, жарыс қорытындысы бойынша V республикалық Фестивальға қатысу үшін облыстың құрама командасы жасақталды. 13 спорт түрінен өткен жарыста қазақ күресі бойынша спортшылар 3-ші жалпыкомандалық орынды иеленсе, теңге ілу және тоғызқұмалақ бойынша 2 орындарға қол жеткізді.
Қараша айында Ақсу-Аюлы ауылында облысымызда алғаш рет саятшылықтан Сәкен Сейфуллиннің 125-жылдығына арналған «Ұлы дала мұрасы» Халықаралық турнирі өткізіліп, оған Моңғолия, Қырғызстан елдерінен және республикамыздың 13 облысынан 90-нан астам спортшы қатысты.
Моңғолияның Улан-Батыр қаласында қазақ күресінен өткен Азия Чемпионатында облыс спортшылары Тұтқышев Нариман мен Хуанбай Еламан алтыннан алқа тақса, Бекзат Ахметбеков күміс медальды олжалады.
Бұған қоса желтоқсан айында Ақтөбе қаласында өткен Әлем Чемпионатында жерлесіміз Ғалымов Айдос алтын медаль жеңіп алып, 74 кг. салмақ дәрежесінде Әлем Чемпионы атанды.
Түркияның Стамбул қаласында тоғызқұмалақтан өткен Халықаралық турнирде Қожанәсіп Аңсаған 1 орынға иеленсе, Қожанәсіп Асылхан түріктің "манқала" ойыны бойынша жеңімпаз атанды. Командалық есепте облыс құрамасы 1 орыннан көрінді.
Қазақстанда 2025 жылға қарай елдің әрбір екінші тұрғыны спортпен шұғылданады деп боджануда. Бұл мақсатқа қалай жетуге болады – ол туралы Қарағандыда ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен өткен көшпелі жиында айтылды.
Шараға Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, басқа облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары және облыстардың дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары қатысты.
– Қарағанды ел аймақтарындағы спорт саласының жай-күйі мен қажеттіліктерін зерттеудің бастапқы нүктесі болып табылады. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Басты мақсат – отандық спортты дамытудың кешенді жоспарын қалыптастыру, деді Дәурен Абаев. – Бұқаралық және балалар спортын дамытуды ерекше атап өту қажет. Тағы бір басым бағыт – ауылдық білім беру мекемелерін тарта отырып, командалық спорт түрлерінен ұлттық мектеп және студенттік лигаларды дамыту.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев 2022 жылдың мамыр айынан бастап бірқатар өңірлерде «Қолжетімді спорт» жобасын жүзеге асыру басталатынын айтты. Аталмыш жоба елордада өзінің тиімділігін көрсетіп үлгерді.
– Бұқаралық спорттың мәні тек қамтуды арттыру емес екенін бәріміз түсінеміз. Спорт дарындарын тауып, дамыту, талантты балалардан спорт шеберлерін тәрбиелеу, оларға барлық жағдай жасау қажет. Ол үшін қалалар мен ауылдық жерлерде жаңа нысандар салып жатырмыз. Біз нұсқаушыларды, жаттықтырушыларды дайындаймыз, жарыстар өткіземіз. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді ортаны кеңейтіп жатырмыз, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев Қарағанды облысындағы спорттық резервтің дайындығы туралы айтты.
Облыста спорттың 100 түрі дамып келеді, оның 44-і олимпиадалық. 456 мыңнан астам адамды қамтитын 1402 дене шынықтыру және спорт ұйымы бар. Жоғары оқу орындарында спорт кадрларын даярлауға облыстық бюджеттен гранттар бөлінеді. Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және олардың жаттықтырушыларына сыйақы, сондай-ақ ай сайынғы жәрдемақы беріледі.
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспары жүзеге асырылуда. Биыл төрт жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, екі жүзу бассейнін ашу, 55 спорт алаңын орнату жоспарлануда.
Сондай-ақ жиында республикалық мониторингтік топтың өңірлердегі жұмысының қорытындысы шығарылды.
Дәурен Абаев жұмыс сапары барысында Қарағандыда азаматтарды қабылдау өткізді. Сонымен қатар, министр спорт нысандарының қызметімен танысты: «Атлант» кешенін, үлкен және үстел теннисі орталықтарын аралады.
2022 жылдың 10 сәуір күні Осакаровка кентінде шағын футболдан аудандық ашық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа Қарағанды, Теміртау қалаларынан және Нұра, Осакаров аудандарынан барлығы 11 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша: 1 орынды - Теміртау қаласының "Асан" командасы иеленсе, 2 және 3 орындарды Осакаровка кентінің "Юность", "Колос" командалары жеңіп алды. Турнирдың ең үздік ойыншысы - С.Базарнов, үздік қорғаушысы - П.Болтунов, үздік қақпашысы - И.Ибраев арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жарыс өте жақсы дәрежеде ұйымдастырылып, өткізілді. Турнирдың өткізілуіне ат салысқан барлық спорт жанашырларына алғысымызды айтамыз.